Араб елдерінде ортақ виза жүйесі іске қосылады

Фотография - Араб елдерінде ортақ виза жүйесі іске қосылады

Парсы шығанағындағы Ислам ынтымақтастық ұйымына мүше елдер үшін бірыңғай виза 2014 жылдың орта шенінде пайда болады

123 0

Парсы шығанағындағы Ислам ынтымақтастық ұйымына мүше елдер үшін бірыңғай виза 2014 жылдың орта шенінде пайда болады. Қазіргі уақытта араб «алтылығының» ішкі істер министрлігі деңгейінде бірыңғай визалық кеңістік құру жөніндегі техникалық ереженің жай-жапсары талқыланып жатыр. Ішінара айтқанда, Парсы шығанағы елдерінің аумағында болатын шетелдіктер туралы мәлімет беретін деректер базасына қатысты аталған елдер бойынша бірыңғай ақпарат жүйесін айтылған уақытта іске қосу қажет.

Еуропалық «шенген аймағына» ұқсас аталмыш визалық жүйеде «алтылықтың» құрамына кіретін елдердің бірінің елшілігі берген виза бойынша осы аталған елдердің бәрінде еркін жүріп-тұра аласыз. Яғни, осы жүйе бойынша қолыңызға тиген виза Сауд Арабиясында, Кувейтте, Бахрейнде, Катарда және Оманда жарамды болатынын айта кету керек.   

Эр-Риядтың сауда-өнеркәсіп палатасының президенті Әбдірахман әз-Замиляның сөзіне қарағанда, мұндай қадам осы аймақта жұмыс істейтін шетелдіктердің және жылдан жылға қатары артып келе жатқан туристердің еркін жүріп-тұруына көмектеседі.

Белгілі болғандай, Парсы шығанағы елдерінде шетелдіктердің қарасы едәуір. Санмен өрнектегенде, шетелдіктердің қарасы аймақ тұрғындарының 31 пайызын құрайды екен. Шетелдіктердің дені Сауд Арабиясында нәпақасын айырып жүр – 9 млн адам. Десе де, техникалық-бюрократиялық кедергілерге байланысты осы аймақтағы мемлекеттердің шекарасынан өтудің өзі қиындықтарға толы екенін қаперлеріңізге сала кеткіміз келеді.

Парсы шығанағындағы елдерде визалық режим әрқилы болып келеді. Мәселен, Біріккен Араб Әмірліктері, Бахрейн, Катар және Оман Шенген аймағының 26 елінен және АҚШ; Ұлыбритания, Жапония, Оңтүстік Корея, Малайзиядан келген азаматтардан ел аумағына енуге рұқсат беретін визаны талап етпейді. Ал Сауд Арабиясы мен Кувейт көптеген елдердің азаматтарынан ел аумағына енгуге рұқсат беретін визаны талап етеді. 


Тегтер:

Арабия

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!