Таиландта оппозиция көшелерге 3 миллион адамды шығармақ

Фотография - Таиландта оппозиция көшелерге 3 миллион адамды шығармақ

Таиланд оппозициясы Премьер-министр Йинглак Чинаваттың отставкасын талап ету үшін ел астанасы - Бангкокте кезекті жаппай наразылық акциясын өткізуге дайындалып жатыр

182 0

Таиланд оппозициясы Премьер-министр Йинглак Чинаваттың отставкасын талап ету үшін ел астанасы - Бангкокте кезекті жаппай наразылық акциясын өткізуге дайындалып жатыр.

Айта кетейік, көшелердегі жаппай наразылықтан кейін Чинават мерзімінен бұрын Парламентті таратты да, жаңа сайлауды жария етті. Сайлауға дейін Чинават кабинеті жұмысын жалғастырады.

Дегенмен де оппозиция өкілдері уақытша үкіметтің де отставкасын талап етуде. Осы орайда олар жаңа премьерді тағайындап, саяси реформамен айналысатын «халықтық кеңесті» шақыртуды алға тартуда.

Шетелдік БАҚ-тың жазуынша, жексенбіде оппозиция Бангкок көшелеріне үш миллионға жуық адамды шығаруды жоспарлап отыр. Ұйымдастырушылар бұл акция дүйсенбіге дейін жалғасатынын айтуда.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!