Сирияның Алеппо қаласына әуеден шабуыл жасалып, 44 адам қаза болды.

Фотография - Сирияның Алеппо қаласына әуеден шабуыл жасалып, 44 адам қаза болды.

Сирияның Алеппо қаласына әуеден шабуыл жасалып, 44 адам қаза болды, деп жазады Lenta.ru.

251 0

Сирияның Алеппо қаласына әуеден шабуыл жасалып, 44 адам қаза болды, деп жазады Lenta.ru.

Syrian Observatory for Human Rights құқық қорғау ұйымының мәліметіне қарағанда, қаза тапқандардың алтауы балалар. Әрі опат болғандардың саны әлі де артуы мүмкін, көптеген адам ауыр жарақат алған, із-түссіз жоғалғандар да бар.

Оппозиция өкілдерінің айтуынша, Алеппо мектептерінде бір аптаға сабақ тоқтатылады, өйткені үкіметтік авиация көтеріліске қатысушыларға шабуыл жасауда.

Бұған дейін хабарланғандай, Сирияның үкіметтік күштері жеті күн бойы қатарынан Алеппо қаласының аудандарына әуеден шабуыл жасаған. Соның салдарынан жүздеген адам опат болды, оның ішінде әйелдер мен балалар да бар. Тікұшақтан жанғыш қоспасы бар бомбамен қаланы атқылаған.

Естеріңізге саламыз, БҰҰ Босқындар ісі жөніндегі агенттіктің мәліметіне қарағанда, Сирияда екі соғыстың салдарынан 128 мың сириялық қаза болған, олардың ішінде жүз мыңға жуығы балалар, 2 млн астам адам зардап шекті.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

сирия

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!