Мұзды жауын Канаданы жарықсыз қалдырды

Фотография - Мұзды жауын Канаданы жарықсыз қалдырды

Канаданың 500 мың тұрғыны дауылды жел мен мұзды жауынның салдарынан электр жарығынсыз қалды

225 0

Канаданың 500 мың тұрғыны дауылды жел мен мұзды жауынның салдарынан электр жарығынсыз қалды.

Билік өкілдерінің айтуынша, қалаларды қайта жарықпен жабдықтау үшін бірнеше күн қажет.

Табиғаттың тосын мінезінен әсіресе, Онтарио провинциясы қатты зардап шеккен. Канаданың ең ірі қаласы саналатын Торонтоның 200 мың тұрғыны электр жарығынсыз қалып отыр.

Мұзды жауын салдарынан жолдардағы жағдай да мәз емес. Көктайғақтан ірі жол көліктері орын алып, бес адам көз жұмды.

Сондай-ақ, әуе хабарламалары да бұзылған. Оттава, Торонто, Монреаль және Галифакс қалаларындағы әуежайларда мыңдаған әуе рейсі кейінге қалдырылды.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!