Токиода ер адам баламен бірге өзін-өзі өртеп жібермек болды

Фотография - Токиода ер адам баламен бірге өзін-өзі өртеп жібермек болды

Токио орталығындағы мектептердің бірінде оқыс оқиға болды

261 0

Токио орталығындағы мектептердің бірінде оқыс оқиға болды. Ер адам мектеп ауласында оқушылардың бірін ұстап алып, оған және өзінің үстіне керосин құйып от қойған, деп жазады ИТАР-ТАСС. Полицияның хабарлауынша, ол баланың әкесі болуы мүмкін.

«Ер адам таңертеңгі уақытта мектептің ауласына кіріп бейсбол ойнап жүрген ұлдардың бірін ұстап алады. Сөйтіп оқушы мен өзінің үстіне керосин құйып, от қойған. Жалын бірден өшірілгенімен ер адам ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілді, оқушының да денесін айтарлықтай күйік шалған»,- деп жазылған хабарламада.

Оқиға орын алған мектеп Токио университетінің маңында орналасқан.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

жапония

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!