Елбасы іссапармен Мәскеуге барады

Фотография - Елбасы іссапармен Мәскеуге барады

Ертең Мәскеуде Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысы өтеді. Жиынға Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қатысады. Бұл туралы Астанадағы брифингте ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің ресми өкілі Алтай Әбибуллаев хабарлады

207 0

Ертең Мәскеуде Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысы өтеді. Жиынға Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қатысады. Бұл туралы Астанадағы брифингте ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің ресми өкілі Алтай Әбибуллаев хабарлады.

Бұдан бұрын хабарланғандай, кездесу қорытындысы бойынша бірыңғай кедендік саясат, табиғи монополиялардың қызметін реттеу және бәсекелестік ережесі бағытында бірқатар келісімдерге қол қойылады деп күтілуде.

«Қазақстан, Беларусь және Ресей президенттері Кеден одағы мен Бірыңғай экономикалық кеңістікке мүше мемлекеттердің интеграциялық өзара іс-қимылының негізгі бағыттарын, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақты қалыптастыру бойынша жұмыстардың барысын талқылайды. Еуразиялық интеграциялық құрылымдарға Қырғызстан мен Арменияның қосылуы тұрғысында «жол карталарын» даярлау мен жүзеге асыру мәселелері қаралады», - делінген РФ президенті әкімшілігінің хабарламасында.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!