Twitter-дің негізін қалаушы Disney-дің директоры болып тағайындалды

Фотография - Twitter-дің негізін қалаушы Disney-дің директоры болып тағайындалды

Walt Disney Company корпорациясы Twitter әлеуметтік желісінің негізін қалаушы және Square Inc. компаниясының бас директоры Джек Досри директорлар кеңесінің құрамына қабылданғанын мәлім етті

183 0

Walt Disney Company корпорациясы Twitter әлеуметтік желісінің негізін қалаушы және Square Inc. компаниясының бас директоры Джек Дорси директорлар кеңесінің құрамына қабылданғанын мәлім етті, деп жазады РБК.

«Дж.Дорси – медиакеңістікке өзгеріс әкелген бірегей технологияны құруға атсалысқан сауатты кәсіпкер. Жаңа клиенттер тартып, бұрынғы клиенттермен байланысты нығайта түсу үшін жаңа технологиялар мен платформалар пайдалануды қарастыратын компанияның даму стратегиясына сәйкес, Дорсидің тағайындалуы Disney үшін жаңа мүмкіндіктер есігін ашады», - деп атап өтті Disney басшысы Роберт Айгер.

Дж.Дорсидің өзі жаңа қызметіне қатысты пікірін былай деп жеткізді: «Disney-де жұмыс істеу мен үшін үлкен мәртебе. Disney-дің ғұмыры шексіз, біз бәріміз оған қарап таңғалып, армандап өстік».

Forbes журналының нұсқауы бойынша, Американың ең бай азаматтары тізімінде Дорси 400 адамның ішінде 392-орында. Бизнесменнің байлық-дәулеті 1,2 млрд долларды құрайды.

2013 жылы көктемде Дж.Дорси болашақта Нью-Йорк мэрі үшін сайлауға түсуді көздейтіндігін ашық жеткізген болатын. 

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

интернет

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!