Тәжікстанда "Сирияда соғысқан" 5 адам сотталды

Фотография - Тәжікстанда "Сирияда соғысқан" 5 адам сотталды

Тәжікстанның жоғарғы соты үш адамды Сириядағы азаматтық соғысқа қатысқаны үшін әрқайсысын екі жылға соттады.

203 0

Тәжікстанның жоғарғы соты үш адамды Сириядағы азаматтық соғысқа қатысқаны үшін әрқайсысын екі жылға соттады.

Тәжікстан ұлттық қауіпсіздік комитетінің хабарлауынша, Сирияда көтерілісшілер жағында соғысқан үш жас жігіт Сириядағы халықаралық университетте оқыған. Кейін ондағы оппозициялық күштерге қосылған. Үшеуі де қыркүйек айында Тәжікстанға оралған соң бірден ұсталып, оларға "қылмыстық немесе басқа да қарулы топтарға мүше болды" деген айып тағылған.

Сотталғандардың адвокаттарының бірі жас жігіттердің Сирияда расымен соғысқа қатысқанын растайтын дәлел жоқ дейді.

Осы жылдың басында Сирияда Тәжікстанның бірнеше азаматы қаза тапты деген ақпараттар тараған еді.


Тегтер:

сирия

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!