Ресейде әйелі бәстесіп күйеуін өртеп жіберген

Фотография - Ресейде әйелі бәстесіп күйеуін өртеп жіберген

Забайкалье аймағының тұрғыны өзімен бірге тұратын ер адаммен бәстесіп, оның үстіне бензин құйып, өртеп жіберген

133 0

Забайкалье аймағының тұрғыны өзімен бірге тұратын ер адаммен бәстесіп, оның үстіне бензин құйып, өртеп жіберген. Бұл оқиға Карым ауданының Дарасун кентінде орын алды.

Азаматтық некедегі әйел мен ер адам спирттік ішімдік ішіп, «жынды» судың буына әбден қызған екеуі әйелі күйеуін тірідей өртеп жібере ала ма деген мәселе төңірегінде сөзге келіп бәстесіп қалған. «Зардап шеккен ер адамның азаматтық некедегі әйелі күйеуінің үстіне канистрдегі бензинді шашып, жағып жіберген», - деп жазылған Ресейдің Забайкалье аймағы құқық қорғау органдарының хабарламасында.

Бәстесуден ұтылған ер адам үшінші және төртінші деңгейдегі күйікпен ауруханаға жатқызылды. Тергеу барысында ер адам азаматтық некедегі әйеліне ешқандай наразылығы жоқ екенін мәлімдеді.


Тегтер:

Ресей

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!