Әлемдегі ең ауқатты адамдардың бірі өзіне қол салды

Фотография - Әлемдегі ең ауқатты адамдардың бірі өзіне қол салды

Мультимиллионер Роберт Уилсон 86 жасқа қараған шағында өзіне қол салды.

142 0

Мультимиллионер Роберт Уилсон 86 жасқа қараған шағында өзіне қол салды. Ол Манхеттендегі өзінің 27 қабатты үйінің терезесінен секіріп кеткен деп хабарлайды New York Post газеті.

Полицияның хабарлауынша, 16 қабаттан секірген қария өлерінің алдында хат жазып кетіпті. Алайда, оның мазмұны әлі жария етілген жоқ.

"Ол 86 жаста болатын, жақында жүрек талмасына шалдыққан. Өмірінің соңында қиналғысы келмейтіндігін және кез-келген уақытта өлуге дайын екенін үнемі айтып жүретін" дейді миллионердің достарының бірі. Оның айтуынша, Уилсон дәулетінің көп бөлігін қайырымдылыққа жұмсап келген. Өмірден өткеннен кейін де бүкіл қорын мқтаж жандарға беруді мақсат етіпті.

Уилсон атеист болса да католик мектептерін сақтап қалуға бар күш-жігерін салған.

"Бүкіл елде католик мектептері жабылып жатыр. Менің ойымша, оларды сақтап қалуға тіпті, Билл Гейтстің қаржысы жетпейді" депті қайтыс болған миллионер 2010 жылы Блумберг агенттігіне берген сұхбатында. 


Тегтер:

еуропа

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!