Лас-Вегаста таксист жолаушыға ұмытып кеткен 300 мың долларын қайтарып берді

Фотография - Лас-Вегаста таксист жолаушыға ұмытып кеткен 300 мың долларын қайтарып берді

Лас-Вегас қаласында такси жүргізушісі жолаушыға ұмытып кеткен 300 мың долларын қайтарып берді, деп хабарлайды Росбалт.

163 0

Лас-Вегас қаласында такси жүргізушісі жолаушыға ұмытып кеткен 300 мың долларын қайтарып берді, деп хабарлайды Росбалт.

Джерардо Гамбоа деген таксист көліктің артқы жағындағы орындықтан ақша салынған сөмкені тауып алып, полицияға хабарлаған.

Ірі көлемдегі ұтыстың иесін анықтағаннан кейін полицейлер оған қаржысын қайтарып берген. Yellow Checker Star көліктік компаниясы Гамбоаға «Жыл жүргізушісі» атағын беріпті. Сонымен қатар бір мың доллар көлемінде сыйақы беріп, қымбат мейманханаға шақырған.

Ал қомақты ұтысты жеңіп алған жолаушы хабарсыз кетіпті. «Ол ештеңе бермесе де түк те етпейді. Мен тек жақсылық жасағым келді», - деді Гамбоа.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

еуропа

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!