Ким Чен Ын әскерін соғысқа дайындап жатыр

Фотография - Ким Чен Ын әскерін соғысқа дайындап жатыр

 Бұл жайында оңтүстіккореялық Yonhap агенттігі хабарлады.

127 0

Солтүстік Корея көсемі Ким Чен Ын ел әскерін соғысқа дайын болуға шақырды. Бұл жайында оңтүстіккореялық Yonhap агенттігі хабарлады.

Ким Чен Ын кеше Нампхо қаласында ұлттық әскермен кездесу барысында осылай деген. Ол соғыстың ескертусіз-ақ басталып кететіндігін мәлімдеді. Сондықтан жауынгерлер қашанда ұрысқа сақадай сай болып тұруы керек деді ол.

Солтүстік Кореяның көсемі бұған дейін де "ағайынды" екі ел арасында соғыстың басталып кету қаупі басым екендігін бірнеше рет айтқан болатын. Тіпті, 20 желтоқсан күні Солтүстік Кореядан Сеулге жедел хат келген. Онда Ким Чен Ынның оңтүстіктегі көршілеріне аяусыз соққы жасайтындығы жазылыпты.


Тегтер:

Корея

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!