Тәжікстандық оппозиционер 26 жылға сотталды

Фотография - Тәжікстандық оппозиционер 26 жылға сотталды

Тәжікстан соты 25 желтоқсанда оппозиционер әрі бизнесмен Зайд Саидовты "қаржылық алаяқтық жасады, көп әйел алды және кәмелетке толмағандармен жыныстық қатынас жасады" деп айыптап, 26 жылға соттады

214 0

Тәжікстан соты 25 желтоқсанда оппозиционер әрі бизнесмен Зайд Саидовты "қаржылық алаяқтық жасады, көп әйел алды және кәмелетке толмағандармен жыныстық қатынас жасады" деп айыптап, 26 жылға соттады. Полиция Саидовты жақтап сотқа барған ондаған адамды қуып таратты.

Тіркелмеген "Жаңа Тәжікстан" партиясын басқарған Саидов мамыр айында тұтқындалған еді. Ол өзіне тағылған айыптың саяси астары бар деп санайды - деп хабарлады  azattyq.org

Осы жылдың басында, 6 қарашада өткен президент сайлауына дайындық кезінде Саидов өз партиясының саяси бағдарламасын ұсынып, үкіметті "тиімсіз реформалар жүргізіп, шағын және орта бизнеске қысым жасағаны және бағаны қымбаттатып, коррупцияны асқындырғаны" үшін қатаң сынаған еді.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!