Түркия премьері үкімет құрамын жаңартты

Фотография - Түркия премьері үкімет құрамын жаңартты

Түркия премьер-министрі Режеп Тайып Ердоған 25 желтоқсанда коррупциялық жанжалдан үш министр отставкаға кеткеннен кейін үкіметте бірнеше министрдің қайта тағайындалатынын хабарлады

238 0


Түркия премьер-министрі Режеп Тайып Ердоған 25 желтоқсанда коррупциялық жанжалдан үш министр отставкаға кеткеннен кейін үкіметте бірнеше министрдің қайта тағайындалатынын хабарлады.

Кеше Ердоған президент Абдулла Гүлмен жабық есік жағдайында кездескен соң, 10 министрді ауыстыратынын мәлімдеген. Оның алдында экономика, ішкі істер және қоршаған ортаны қорғау миинстрлері отставкаға кеткен еді. 17 желтоқсанда үш министрдің ұлдары мемлекеттік Halkbank банкіндегі коррупциялық істерге қатысты қамауға алынған болатын.

Коррупциялық жанжалға қатысты үкімет құрамында Еуропа одағымен байланыс жөніндегі министр де жаңадан тағайындалды - деп хабарлады  azattyq.org

Премьер-министр Режеп Тайып Ердоған коррупциялық тергеулерді "Түркияда тұрақсыздық орнату мақсатында шетелден ұйымдастырылған астыртын әрекет" деп атаған.

 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!