Ресей Беларуське қосымша несие бермек

Фотография - Ресей Беларуське қосымша несие бермек

Ресей президенті Владимир Путин 25 желтоқсанда өз елінің Беларуське 2014 жылы қосымша несие беретінін хабарлады

166 0

Ресей президенті Владимир Путин 25 желтоқсанда өз елінің Беларуське 2014 жылы қосымша несие беретінін хабарлады. Мәскеуде Ресей мен Беларусь мемлекеттік кеңесінің отырысында сөйлеген Путин: "Ресей үкіметі Беларуське қосымша 2 миллиард АҚШ доллары көлемінде несие беруге шешім қабылдады" деді.

Ресей қаржы министрі Антон Силуанов несие Ресейдің мемлекеттік әл-ауқат қорынан бөлінбейтінін айтады. Мемлекеттік жиынның арасында журналистерге сұхбат берген Силуанов несие 10 жыл мерзімге үкіметаралық келісім негізінде берілетінін хабарлады.

Өткен аптада Мәскеу мен Киев Ресей мемлекеттік әл-ауқат қорынан Украинаға 15 миллиард АҚШ доллары көлемінде көмек қаржы бөлуге келісім жасасқан.


Тегтер:

Ресей

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!