Канадада жүз мыңдай адам рождествоны жарықсыз және жылусыз қарсы алды

Фотография - Канадада жүз мыңдай адам рождествоны жарықсыз және жылусыз қарсы алды

Канадада жүз мыңдай адам рождествоны жарықсыз және жылусыз қарсы алды, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС.

236 0

Канадада жүз мыңдай адам рождествоны жарықсыз және жылусыз қарсы алды, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС.

Өткен демалыс күндері елдің орталық және атлантика аудандарында мұзды жаңбыр жауып, трансформаторлар істен шыққан және электр сымдары үзілген. Тәулік бойы жұмыс жасап жатқан бригадалар барлығын қалыпқа келтіріп үлгермеді, деп жазылған хабарламада.

Ол кезде Онтарио, Квебек, Нью-Брансуик және Жаңа Шотландия провинцияларында 500 мыңдай тұтынушы жарықсыз қалған. Торонтода әрбір үшінші ғимаратта жарық болмаған.

Полицияның хабарлауынша, Торонто мен Квебекеде соңғы екі күнде 5 адам иіс тиіп уланып қалыпты: олар алауошақ пен бензин генераторларды қолданып жылынғысы келген. Торонтоның құтқару қызметіне күн сайын жүзден астам адам хабарлауда.

Канадада табиғаттың тосын мінезінен 10 адам қаза болғаны хабарланды. Демалыс күндері Квебеке мен Онтариода мұз болып қатқан жолда апат болып, бес адам қаза тапты.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

еуропа

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!