Приднестровье Ресей заңдарын мойындады

Фотография - Приднестровье Ресей заңдарын мойындады

Молдовадан бөлінген Приднестровье аймағының билігі аймақта Ресейдің федералдық заңдарын мойындау туралы конституциялық заң қабылдады

312 0

Молдовадан бөлінген Приднестровье аймағының билігі аймақта Ресейдің федералдық заңдарын мойындау туралы конституциялық заң қабылдады. Заңды 25 желтоқсанда Приднестровьенің заң шығару орындары мақұлдаған.

Приднестровье аймағының іс жүзіндегі басшысы Евгений Шевчук аймақтың Ресейдің заңына бағынуы "аймақ тұрғындарының еркіне негізделген суверенді құқығы" деді. Шевчуктің айтуынша, заң жобасын қабылдау қажеттігі қарашада Молдованың Еуропа Одағымен ассоциация туралы келісімге қол қоюынан туындаған.

Приднестровье жетекшісінің сөзіне қарағанда, аймақтың мақсаты - еуразиялық кеңістікке, яғни Кеден Одағымен интеграцияға ұмтылу. Ал Молдова премьер-министрі Евгений Карпов Преднестровье билігінің бұл шешімін желтоқсанда Киевте өткен "ЕҚЫҰ елдері сыртқы істер министрлерінің кездесуінде жасалған келісімді бұзу" деп санайды.

Мәскеу қолдайтын Приднестровье аймағы Молдовадан іс жүзінде 1990 жылдардың басында бөлініп кеткен - деп хабарлады  azattyq.org

Ресей пост-советтік елдерді, оның ішінде Украинаны ЕО-мен жақын қарым-қатынастан бас тартқызғысы келеді.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!