Украина президенті Еуроодақпен келісім үшін шенеуніктерді жазалайды

Фотография - Украина президенті Еуроодақпен келісім үшін шенеуніктерді жазалайды

Украина президенті Виктор Янукович Еуроодақпен бірігу туралы келісімнің мәтінін әзірлеген шенеуніктерді жауапкершілікке тартпақ. 

126 0

Украина президенті Виктор Янукович Еуроодақпен бірігу туралы келісімнің мәтінін әзірлеген шенеуніктерді жауапкершілікке тартпақ. 

Президент елдің премьер-министрі Николай Азаровқа жолдаған сөзінде: «Сәйкес дискуссия өткізбеген және керекті түсінушілік деңгейіне жетпей, тиісті іс-әрекеттерді атқармаған шенеуніктер жауапкершілікке тартылсын. Осыған байланысты сізден ұсыныстар күтемін», - деп, Киев пен Еуроодақ арасындағы ынтымақтастықтың негізі ұлттық мүддеден басталу керектігін айтты.

Естеріңізге сала кетсек, Украинада Еуроодақпен бірігу туралы келіссөзді тоқтатқан соң басталған саяси дағдарыс бір ай бойы жалғасуда. Елдің астанасы Киев пен кейбір аймақтарда еуроинтеграция жақтастарының ереуілі толастар емес.


Тегтер:

Украина

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!