Ірі неміс компаниясы халал сертификатына ие болды

Фотография - Ірі неміс компаниясы халал сертификатына ие болды

Германияның арнайы химия өнімдерін өндіретін халықаралық өнеркәсіп компаниялар тобының фабрикалары шариғат талаптарына сай өнім өндіретінін растайтын сертификатқа ие болды.

215 0

Германияның арнайы химия өнімдерін өндіретін халықаралық өнеркәсіп компаниялар тобының фабрикалары шариғат талаптарына сай өнім өндіретінін растайтын сертификатқа ие болды. Ол «тахир» (таза) және «халал» (рұқсат етілген) категориялары бойынша сертификатты иеленді.

Эссендегі және Дуйсбергтегі Evonik Industries компаниялар фабрикасы тағам өнеркәсібінде, косметикалық және медициналық өнеркәсіпте қолданылатын күрделі эфирді өндіреді.

Ендігі жерде аталмыш фабриканың өнімдерін мұсылмандар да қолдануына болады. 

Жеке бас тазалығына арналған заттар мен бұйымдарды өндіру желісінің бас менеджері Клаус Йеннидің айтуынша, аталмыш сертификат әлемнің жаңа нарығын бағындыруға, компанияның коммерциялық мүмкіндіктерін кеңейтуге мүмкіндік береді.

Evonik жыл сайын сертификаттаудан өтеді әрі осы аралықта өндірісте қандай да бір өзгеріс орын алса, оны міндетті түрде хабарлайтын болады.


Тегтер:

еуропа

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!