Бейрутта күшті жарылыс болды

Фотография - Бейрутта күшті жарылыс болды

Ливан астанасы Бейрутта бүгін күшті жарылыс болды деп хабарлайды халықаралық ақпарат агенттіктері. Қаза тапқандар мен жараланғандар туралы әзірге нақты мәліметтер жоқ

250 0

Ливан астанасы Бейрутта бүгін күшті жарылыс болды деп хабарлайды халықаралық ақпарат агенттіктері. Қаза тапқандар мен жараланғандар туралы әзірге нақты мәліметтер жоқ

Reuters агенттігінің хабарлауынша, жарылыстың даусы бүкіл қалаға естілген. Оқиғаның куәгері агенттікке жедел жәрдем көліктерінің қаза тапқандарды әкетіп жатқанын айтады.

BBC-дің ақпаратына қарағанда, қаланың үкімет үйлері мен парламент ғимараты орналасқан орталық ауданында өртенген көлік байқалады.

Көршілес Сирияда қақтығыстар күшейгелі Бейрутта да жарылыстар мен шабуылдар көбейді. Қарашада Бейрутта Иран елшілігі маңында болған екі жарылыстан арасында бір дипломат бар, барлығы 23 адам қаза тауып, 100-ден астам адам жараланған.


Тегтер:

Арабия

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!