9 жасар альпинист Оңтүстік мерикадағы Аконкагуа шыңын бағындырды.

Фотография - 9 жасар альпинист Оңтүстік мерикадағы Аконкагуа шыңын бағындырды.

Тоғыз жасар Тайлер Армстронг Оңтүстік Америкадағы ең биік тау – Аконкагуа шыңын бағындырған ең жас альпинист ретінде тарихқа аты жазылды. Аргентинада орналасқан таудың биіктігі 6 962 м, деп хабарлайды ресейлік РБК агенттігі.

370 0

Тоғыз жасар Тайлер Армстронг Оңтүстік Америкадағы ең биік тау – Аконкагуа шыңын бағындырған ең жас альпинист ретінде тарихқа аты жазылды. Аргентинада орналасқан таудың биіктігі 6 962 м, деп хабарлайды ресейлік РБК агенттігі.

Америкалық бала әкесімен және тибеттік Лхаванг Дхондуппен бірге католиктердің Рождества мерекесі қарсаңында тау басына барып қайтқан.

«Шыңның басында айналаңды толық көресің. Төмен жатқан маңайдың бәрін түгел бұлт басып тұрады. Онда өте суық. Таудың басында үй шамасындай алаңқай бар, оның шетінен ары қарай құрдым басталады», дейді жас альпинист Т.Армстронг.

Осы 6 мың метрлік тауға шығу үшін 7 мыңға жуық жолдама алған альпинистердің тек 30%-ы ғана мақсаттарына жетеді. Ал талап бойынша тауға шығатындар 14 жастан кіші болмауы тиіс.

Бала альпинисттің әкесі жолдама алу үшін Аргентина үкіметімен соттасуға мәжбүр болған. Команда сотты тоғыз жасар баланың шыңды бағындыра алатындығына сендіре алыпты. Олар жартасқа өрмелемей жететін «Поляк сүрлеуі» атты маршрутты таңдаған.

«Егер алдына осындай мақсат қойып, соған ұмтылса кез келген бала осы жетістікке жете алады», - деп мәлімдеген жас спортшы. Ол осы үшін екі жыл қатарынан күніне екі мәртеден жаттығумен айналысқан. Команда осы рекорд арқылы бұлшық дистрофиясына қарсы күрес бойынша зерттеу жүргізуге қаржы жинау акциясын өткізген. Ал жас альпинистің жетістігі қажетті қаржыны тез жинауға септігін тигізіпті.

Жалпы Т.Армстронг рекордшы альпинист. Ол сегіз жасында Африкадағы Килиманджаро тауына шыққан. Қазір бала «жеті шың» атты әр құрылықтағы жеті биік тауға шығуды жоспарлап отыр. Ол оның екеуіне шығып үлгерді, енді қалған бес тау олар: Непалдағы Джомолунгма (Эверест), Аляскадағы Мак-Кинли (АҚШ), Антарктидағы Винсон сілемі, Австралиядағы Косцюшко тауы, Эльбрус немесе Монблан тауларының бірі.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

спорт

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!