Британияда баланы онлайн режимде асырап алуға болады

Фотография - Британияда баланы онлайн режимде асырап алуға болады

Алдағы күндері Британиядағы баласыз отбасылар үшін Интернет желісінде арнайы ашылатын сайт арқылы бала асырап алу мүмкіндігі берілмек.

177 0

Алдағы күндері Британиядағы баласыз отбасылар үшін Интернет желісінде арнайы ашылатын сайт арқылы бала асырап алу мүмкіндігі берілмек.

Жаңа жылдың басында-ақ британдық әлеуметтік қызметтер баланы таңдап қана қоймай, сондай-ақ оның болашақ ата-анасымен ұқсастықтарын айқындауға мүмкіндік беретін арнайы бағдарламаны іске қоспақшы. Осылайша, желіге өз ата-анасын күтіп жүрген 6000 бүлдіршін туралы ақпарат орналастыру көзделген, деп хабарлайды Dailymail.

Асырап алу рәсімін барынша ыңғайлы әрі қолжетімді ету үшін британ үкіметі бұл салаға 50 млн фунт стерлинг жұмсапты. Жергілікті билік жаңа жүйенің арқасында балалардың болашақ ата-анасын табуға деген мүмкіндігі әлдеқайда жоғарылай түседі деген үмітте.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

лондон

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!