Қытайда шенеуніктерге сыйлық жасауға тыйым салынды

Фотография - Қытайда шенеуніктерге сыйлық жасауға тыйым салынды

Қытай басшылығы шенеуніктерге сыйлық қабылдауға тыйым салып, олардың шетелдік сапарларына қадағалауды күшейтті. 

279 0

Қытай басшылығы шенеуніктерге сыйлық қабылдауға тыйым салып, олардың шетелдік сапарларына қадағалауды күшейтті. 

Енді шенеуніктерге шет елге іссапар барысында чартерлік рейстермен және жеке немесе корпоративтік ұшақтармен ұшуға тыйым салынды. Сонымен қатар, өнеркәсіптік ұйымдардан қандай да болмасын субсидия қабылдауға және іссапарлық шығындарды шетелдің компаниялары мен ұйымдарына өтетуге тыйым салынды.

Қытайлық баспасөз өкілдерінің хабарлауынша, көбінесе шенеуніктер шет елге демалысқа не шоппингке баруларын қызметтік іссапар ретінде тіркеп, қазына есебінен қаражат жұмсайтыны анықталған.

Сонымен қатар, шенеуніктерге сыйлық немесе кәдесый беруге де шек қойылды. Негізінен Қытайда іскер әріптеске сыйлық сыйлау және оны құрметпен қабылдау кең тараған. Осыған тиісті қаражатта та бөлінеді. Қытайлық үкіметтің айтуынша, биліктің бұл әрекеті сыбайлыс жемқорлық пен парақорлыққа қарсы іс-шаралар болып табылады.


Тегтер:

Тайланд

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!