Британ жағалауы маңында паромда өрт шықты

Фотография - Британ жағалауы маңында паромда өрт шықты

Солтүстік теңізде өрт шыққан MS King Seaways паромынан екі жолаушы мен экипаждың төрт мүшесі әскери тікұшақтардың көмегімен Ұлыбритания жағалуына жеткізілген. Оларға паромдағы өрт салдарынан иіс тиіп қалған

155 0


Солтүстік теңізде өрт шыққан MS King Seaways паромынан екі жолаушы мен экипаждың төрт мүшесі әскери тікұшақтардың көмегімен Ұлыбритания жағалуына жеткізілген. Оларға паромдағы өрт салдарынан иіс тиіп қалған.

Сенбіде түнге қарай өрт шыққан паромда барлығы 946 жолаушы мен команда мүшелерінен 127 адам болған. Жалын он бес минуттан соң сөндірілген. Экипаж осы қылмысқа қатысы болуы мүмкін деген күдікпен жолаушылардың бірін ұстаған - деп хабарлады  azattyq.org

Паромның каюталар орналасқан бөлігіндегі бұл өрт қасақана жасалған іс-әрекет пе, жоқ әлде оған басқа нәрсе себеп болды ма – ол жағы әзірге белгісіз деген полиция өкілі Эндрю Диксон.

MS King Seaways паромы Ұлыбритания мен Нидерланды арасында қатынайды.

 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!