Ресейдің Волгоградында вокзал жарылды

Фотография - Ресейдің Волгоградында вокзал жарылды

Кеше түс ауа Ресейдің Волгоград қаласындағы вокзалында жанкешті өз-өзін жарып ондаған отбасын қайғы-қасіретке душар етті

195 0

Кеше түс ауа Ресейдің Волгоград қаласындағы вокзалында жанкешті өз-өзін жарып ондаған отбасын қайғы-қасіретке душар етті, - деп хабарлайды шетелдік және отандық БАҚ құралдары. Осы мәселеге қатысты еліміздің Сыртқы істер министрлігі ресми мәлімдеме жасап, оқиға орнында қаза болғандар мен зардап шеккендер арасында Қазақстан азаматтары жоқ еекендігін мәлімдеді.

- Егер қажет деп табылса, Төтенше жағдайлар министрлігімен бірлесе отырып, қол ұшын созуға әзірміз, - дейді ведомство өкілдері.

Ресейлік «РИА Новости» агеттігінің хабарлауынша, қазірде жанкешті осы болуы мүмкін деген күдікті анықталған. Дегенмен, оның өзі әлі де нақтылауды қажет ететін көрінеді. Құқық қорғау органдарының мәліметінше Дағыстан тумасы Оксана Арсланова белсенді лаңкестердің біріне тұрмысқа шыққан. Оның күйеуі арнайы операция кезінде мерт болған соң, сондай белсенді лаңкестердің бірнешеуінің етегінен бірнеше рет ұстап үлгерген-міс...

Ал енді Ресей Тергеу комитетінің ресми өкілі Владимир Маркиннің ресми түрде таратқан мәліметі бойынша, Волгоград вокзалындағы жарылыстан 16 адам көз жұмып, 40-тан астам адам түрлі дене жарақаттарын алған. Түн ауа тағы бір азаматты алған ауыр жарақатының салдарынан ажалдан арашалау мүмкін болмаған.

Сондай-ақ, тағы бір ескере кетерлік жайт, оқиға орнында Ф-1 маркалы граната жарылмаған қалпында табылып, сол мезетте-ақ арнайы мамандардың көмегімен залалсыздандырылған. Зерттеу-тергеу өкілдерінің айтуынша, белгісіз жарылғыш құрылғымен жарақтанған әйел-жанкешті вокзал ішіндегі адам тым көп шоғырланған жерге барып, жарылғышты іске қоспақ ниетте болған. Алайда, ойының толықтай іске асуына арнайы қоршаулар кедергі болып, діттеген жерге жетуіне мүмкіндік бермеген көрінеді.

Қала билігі осы оқиғаға байланысты 2014 жылдың 1-3-ші қаңтар аралығын қаралы күн деп жариялады.


Тегтер:

Ресей

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!