Волгоградта тағы да жарылыс болды

Фотография - Волгоградта тағы да жарылыс болды

 Ресейдің Волгоград қаласында жергілікті уақыт бойынша таңғы сағат 8.36 шамасында троллейбуста жарылыс болды

189 0

 Ресейдің Волгоград қаласында жергілікті уақыт бойынша таңғы сағат 8.36 шамасында троллейбуста жарылыс болды.

Жарылыс «Семь ветров» шағын ауданынан «Качинский рынок» ауданына қарай жүріп бара жатқан №15 бағдарлы троллейбуста болған. Оқиға болған жерге ТЖМ, полиция және жедел жәрдем қызметкерлері жылдам жеткен.

РИА Новости ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, жарылыстан 10 адам қаза болып, бірнеше адам жараланған. Тергеудің алдын-ала болжамдары бойынша, троллейбустағы жарылысты лаңкестер ұйымдастырған болуы мүмкін.

Естеріңізде болса, мұның алдында 29 желтоқсан күні «Волгоград-1» теміржол вокзалын лаңкестер жарып жібергенін хабарлаған болатынбыз. Оқиға кезінде 17 адам көз жұмып, 40-тан астам адам жараланған. Волгоград облысының губернаторы Сергей Боженовтың хабарлауынша,, қалада 2014 жылдың 1-3 қаңтар аралығы қаралы күндер деп жарияланды. Алдын-ала деректер бойынша, Волгорадтағы лаңкестік актіні Павлов текті ер адам жасаған. Тағы бір дерек бойынша, оқиға кезінде лаңкестердің саны екеу болған. Яғни, полицейлерді байқап қалған ер адам әйелдің денесіндегі бомбаны жарып жіберген - деп хабарлады  baq.kz

29 желтоқсаннан бастап Волгоград облысында 15 тәулікке лаңкестік қауіп-қатерлерден сақтану мерзімі деп бекітілді. Денсаулық сақтау мекемелері мен азаматтардың көп шоғырланатын орындары ерекше бақылауға алынып, оқиғаға қатысты тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.


Тегтер:

Ресей

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!