Google мұсылмандарға қаны қас саясаткердің аккаунтын жауып тастады

Фотография - Google мұсылмандарға қаны қас саясаткердің аккаунтын жауып тастады

Әлемдік Google ғаламтор жүйесі Марокко ұлттық кеңесінен атынан өтініш түсірген Мұхаммед Рабайдың талап-тілегіне құлақ асып, мұсылмандарға қарсы атышулы әрекетімен көзге түскен голландиялық саясаткер Герта Вилдерстің аккаунтын жауып тастады.

198 0

Естеріңізде болса, осыдан біраз күн бұрын Герта Вилдерстің мұсылмандарды кемсітіп, келемеждеген кезекті оспадарлығы туралы құлағдар еткен едік. Нақтырақ айтқанда, ол Сауд Арабиясының байрағына асыл дінімізді қаралайтын сөздер жазып, исі мұсылманның наразылығына ұшырап, наласына қалған еді.

Ол бір емес, бірнеше мәрте қасиетті Құранды өртеуге үндеп, «фашизмнің құралы» деп атаған болатын. Мұнымен ғана шектелмей, 2008 жылы «Фитна» деп аталатын фильмсымақта қасиетті Құранды зорлық-зомбылық пен зұлымдықтың қайнар көзі ретінде көрсетуге тырысты. Осынау фильмсымақтың продюссері Арно ван Доорнның бүгінде діндес бауырларымыздың бірі екенін айта кету керек. 

Тегтер:

еуропа

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!