Биыл Қытайдан 9 мың автокөлік импортталды

Фотография - Биыл Қытайдан 9 мың автокөлік импортталды

«Қорғас» кеден бекетінің статистикасы бойынша, 2013 жылдың қаңтар-қараша айлары аралығында Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданынан жалпы сомасы 550 млн. долларға 14 мың автокөлік экспортқа шығарылған

200 0

«Қорғас» кеден бекетінің статистикасы бойынша, 2013 жылдың қаңтар-қараша айлары аралығында Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданынан жалпы сомасы 550 млн. долларға 14 мың автокөлік экспортқа шығарылған. Яғни, өткен жылмен салыстырғанда 8,9%-ға азайған.

Атап айтсақ, Қазақстанға 9 мың автокөлік әкелінген, яғни, өткен жылмен салыстырғанда, 7 пайызға қысқарған. Қытай көліктерін Қазақстанмен қатар, Өзбекстан да тұрақты түрде сатып алады.

Биыл «Қорғас» кеден бекеті арқылы өткен көліктердің азаюына Қазақстанда Еуро-III және Еуро-IV стандарттарын енгізу себеп болған. Бұл – қытай зауыттарының көлік шығару және экспорттау құнын арттыруға алып келді.

Бұған қоса, 25 желтоқсандағы жағдай бойынша, бұл кеден бекеті арқылы шетелдерге жалпы сомасы 87,33 млн. долларға 93 мың тонна жеміс-жидек, 39,35 млн. долларға 47 мың тонна алма, 25,89 млн. долларға 29 мың тонна мандарин және 270 млн. долларға 161 мың тонна болат шығарылған. Оның ішінде 157 мың тонна болат Қазақстанға экспортталған.


Тегтер:

Кеден

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!