Латвия еуроаймақтың 18-ші мүшесі болды

Фотография - Латвия еуроаймақтың 18-ші мүшесі болды

 Ендігі жерде еуро 1993 жылдың 5 наурызынан бері қолданылып жүрген ұлттық валюта – латтың орнын ауыстырады.

221 0

Латвия 1 қаңтардан бастап ресми түрде еуроаймаққа қосылды. Ендігі жерде еуро 1993 жылдың 5 наурызынан бері қолданылып жүрген ұлттық валюта – латтың орнын ауыстырады.

Лат 2014 жылдың 15 қаңтарында біржола айналыстан алынып тасталады деп болжануда. Осы жағдайдан кейін елде бірден азық-түлік бағасы қымбаттады.

Кипр фунты мен Мальтияның лиры еуроға ауысқаннан кейін лат Еуропаның «ең ауыр» валютасы болатын. РФ Орталық банкінің бағамына сәйкес бір лат бүгінгі таңда 64 рубль 23 тиын тұрады.

Еуроның енгізілуімен ірі 500 лат қағаз ақшасы мен монеталар-сантимдер де жойылады.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

еуропа

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!