Чехиядағы Палестина елшісі жарылыстан өлді

Фотография - Чехиядағы Палестина елшісі жарылыстан өлді

Чехия астанасы Прага қаласында 1 қаңтар күні жарылыстан зардап шеккен Палестина дипломаты қайтыс болды. Жергілікті полиция болған оқиғаны "кездейсоқ болған бақытсыздық" деп сипаттады

319 0

Чехия астанасы Прага қаласында 1 қаңтар күні жарылыстан зардап шеккен Палестина дипломаты қайтыс болды. Жергілікті полиция болған оқиғаны "кездейсоқ болған бақытсыздық" деп сипаттады.

56 жастағы Палестинаның Чехиядағы дипломатиялық миссиясының басшысы Джамал әл-Джамал 20 жылдан астам уақыт құлыптаулы тұрған сейфті ашпақ болған. Чех полициясы сейфке арнатылған арнайы қауіпсіздік құрылғысы іске қосылып кеткен деп болжайды - деп хабарлады  azattyq.org

"Сейф елшіліктің көне ғимаратының бір бөлмесінде қараусыз тұрған. 20-25 жыл оған ешкім тимеген" деп мәлімдеді Палестинаның сыртқы істер министрі Рияд Малики AP агенттігіне. Палестиналық ресми өкілдер марқұм елшінің сейфті елшіліктің ескі ғимаратынан жаңа ғимаратына ауыстырмақ болғанын айтады.

Әл-Джамалдың 52 жастағы зайыбы деп сипатталған әйел де жарылыстан соң ауруханаға түскен.

Праганың Сухдол шағынауданындағы үйде болған жарылыстан басқа ешкім зардап шекпеген.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!