Сириялық босқындар саны 2,3 млн адамнан асты

Фотография - Сириялық босқындар саны 2,3 млн адамнан асты

Біріккен Ұлттар Ұйымының босқындар ісі жөніндегі басқармасы азаматтық соғыстың кесірінен алыс-жақын шет елдерге бас сауғалаған сириялықтардың қарасы 2,3 млн-нан асқанын алға тартып, дабыл қағып отыр

261 0

Біріккен Ұлттар Ұйымының босқындар ісі жөніндегі басқармасы азаматтық соғыстың кесірінен алыс-жақын шет елдерге бас сауғалаған сириялықтардың қарасы 2,3 млн-нан асқанын алға тартып, дабыл қағып отыр.

БҰҰ өкілі Мартин Несирки ай сайын 127 мың адамның өзге елге кетіп, босқын атанатыны туралы мәлімет келтіріп, 2014 жылдың аяғына таман шамамен 4,1 млн сириялық босқынның (оның 2 млн-ын балалар құрайтынын айта кету керек) әлем қауымдастығының көмегіне зәру болатынын да жасырмады.

Аймақта тіркелген сириялық босқындардың 400 мыңы лагерлерді паналауда - деп хабарлады  muslim.kz

Сириядағы қарулы қақтығыс 2011 жылдан бері толастаған емес. БҰҰ дерегі бойынша осы уақыт аралығында 100 мыңнан аса адам қаза тапқан.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!