АҚШ Ирактағы "содырлар бүлігін" айыптады

Фотография - АҚШ Ирактағы "содырлар бүлігін" айыптады

Вашингтон Ирактың Анбар провинциясында содырлардың полиция жасақтарына жасаған шабуылын қатаң түрде айыптайды.

177 0

Вашингтон Ирактың Анбар провинциясында содырлардың полиция жасақтарына жасаған шабуылын қатаң түрде айыптайды.

АҚШ мемлекеттік департаментінің мәлімдемесі жұма күні жарияланды. Осы күні Ирактың үкімет әскері Бағдат маңындағы Рамади және Эль-Фаллуджа аудандарын исламшыл содырлардан босатқан еді.

Бұл аудандардағы полиция учаскелерін "Әл-Қаидамен" байланысы бар содырлар басып алған. 

Азаттықтың Ирактағы тілшісінің хабарлауынша, Ирак әскері содырларды Рамади ауданынан тықсырып шығарғанымен, көршілес жатқан Фаллуджа қаласының кейбір кварталдары әлі де "Әл-Қаидамен" байланысы бар содырлар бақылауында қалып отыр.

"Әл-Қаида" мен Ирак үкіметі арасындағы қақтығыс Рамади ауданындағы сунниттердің қарсылық шеруі таратылғаннан кейін ушығып тұр.


Тегтер:

Ирак

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!