Өзін қазақстандық олигарх ретінде таныстырған «британдық Борат» ұсталды

Фотография - Өзін қазақстандық олигарх ретінде таныстырған «британдық Борат» ұсталды

Ұлыбританияда өзін Қазақстан олигархы деп таныстырып, бағалы тастарды жымқырған алаяқ ұсталды, деп жазады британдық Daily Mail газеті.

235 0

Ұлыбританияда өзін Қазақстан олигархы деп таныстырып, бағалы тастарды жымқырған алаяқ ұсталды, деп жазады британдық Daily Mail газеті.

Уильям Флинн деген бұл азаматтан зардап шеккендердің бірі - «Формула-1» иесінің қызы Берни Экклстоун болды. Алаяқ дәулетті мұрагердің жылжымайтын мүлкін сатып алмақ болған сыңай танытқан.

Құны 52 миллион доллар тұратын Петра Экклстоунның үйі Лондонның қымбат көшелерінің біріне орналасқан. Дербес үйдің қақпасы алдына ол Вentley машинасымен салтанатпен келген. Ол өзін қазақ миллионері ретінде таныстырған, бірақ та қара көзілдірігін шешпей, Борат сияқты сөйлескен.

Жылжымайтын мүлік жөніндегі агенттер клиентпен жайбарақат кездесіп, оның аумағын екі рет тәптіштеп көрсеткен. Ал «сатып алушының» сапарынан кейін үйден құны 660 мың доллар тұратын сырға мен бағасы 80 мың долларлық гауһармен әдіптелген Rolex сағаты үшті-күйлі жоғалып кеткен.

Бұл алаяқ үшін бойына сіңбеген соңғы ұрлық болды. Ол ұсталғаннан кейін бірнеше ондаған ұрлық жасағанын мойындаған. Алаяқтың кәсібінен миллион доллардан астам залал келтірілген. Флинн сегіз жылға темір торға қамалды.


Тегтер:

лондон

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!