Қарағандыда фотожурналисттердің көрмесі ашылды

Фотография - Қарағандыда фотожурналисттердің көрмесі ашылды

Мұнда әлемге танымал World Press Рhoto халықаралық байқауы жеңімпаздарының туындылары қойылған

250 0

Мұнда әлемге танымал World Press Рhoto халықаралық байқауы жеңімпаздарының туындылары қойылған - деп хабарлады baq.kz

 

Биылғы көрменің тақырыбы – адам құқығы. World Press Рhoto байқауына әлемнің түкпір-түкпірінен 100 мыңға жуық фотожурналист қатысқан. Алайда, Қарағандыдағы көрмеде тек ең үздік деген 150 фото ұсынылған. Әр туындыдан адам құқығы жайында бейнелерді көруге болады. Келушілерге суреттер түрлі ой салады. Қарағандылықтар экспозицияларға қарап, күнделікті өмірде болып жатқан қатыгездікті көргендерін айтады. Дәулет Әбдірахманов, қарағандылық тұрғын: - Ең қызығы – фотографтың эмоционалдық әрекеті. Ауыр жағдайдың шынайы бейнесін адамға жеткізе білу – үлкен өнер. Бұл – қоқысты қопарып жүріп, кітап тауып алып, оқуға кіріскен қыздың бейнесі. Фотограф қоқыстағы кітапхананың көрінісін жеткізген. Қарулы күзеттің қарауындағы Сомали әйелдерініңбаскетбол ойнап жүрген көрінісітағы бір суретте бейнеленген. Жұмыстардың барлығы дерлік адамдардың жан айқайын жеткізуге бағытталған. Дмитрий Калмыков, Қарағанды облыстық экологиялық музейдің директоры: - Біз жантүршігерлік фотолардың бетін ақ қағазбен жауып, сыртына «сіз жаман әсер алғыңыз келмесе, бұл суретті ашуға болмайды» деген сөздер жазып қоюды ұсындық. Бірақ, көрме авторлары бұл көрменің басты мақсаты адамдардың күнделікті көздеріне түспейтін оқиғаларды жеткізу деп қарсы шықты. Көрмеге қойылған фотолар тек тақырыбымен ғана ерекшеленбейді. Бұл – адамның санасы мен жүрегіне әсер ететін фотоөнердің нағыз жауһарлары. Авторлар: Айнұр Абдиева, Сайлау Игликов, Асет Асайынов


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!