«Әл Каида» көшбасшысы Усама Бен Ладен тірі болуы мүмкін

Фотография - «Әл Каида» көшбасшысы Усама Бен Ладен тірі болуы мүмкін

«Әл Каида» халықаралық террористік ұйымының кезіндегі көшбасшысы Усама Бен Ладен тірі болуы мүмкін, дейді Кувейт университетінің профессоры Абдулла Әл Нафесси.

213 0

«Әл Каида» халықаралық террористік ұйымының кезіндегі көшбасшысы Усама Бен Ладен тірі болуы мүмкін, дейді Кувейт университетінің профессоры Абдулла Әл Нафесси.

Саяси ғылымдар докторы А.Нафесси 2011 жылы «нөмір бірінші лаңкестің» өліміне қатысты АҚШ толық ақпаратты ашқан жоқ деп санайды.

«Америкалықтар Бен Ладенді өлтіріп, 2011 жылдың мамырында оның денесін теңізге лақтырып жіберген жоқ. «Әл Каида» көшбасшысын ұрлап әкетіп, құпия жерде ұстап отыр. АҚШ секілді алып державаның 11 жыл бойы іздеп, қыруар қаржысын жұмсаған адамды жай өлтіре салуы мүмкін емес. Бұл АҚШ-тың арнайы қызметтерінің кәсібилік деңгейінің төмендігінен хабар беруші еді», - деді Абдулла Әл Нафесси арабтың «Халеджия ТВ» телеарнасына берген сұхбатында.

Кувейттік сарапшының пікірінше, тірі болуы мүмкін Бен Ладеннен алынған мәліметтерді америкалықтар «Әл Каидамен» күрес үшін пайдаланып отыр.


Тегтер:

Арабия

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!