Израильдің экс-премьері А.Шаронның өмірі қыл үстінде тұр

Фотография - Израильдің экс-премьері А.Шаронның өмірі қыл үстінде тұр

Израильде дәрігерлер елдің бұрынғы премьер-министрі Ариэль Шаронның денсаулығын өте нашар деп бағалап отыр

227 0

Израильде дәрігерлер елдің бұрынғы премьер-министрі Ариэль Шаронның денсаулығын өте нашар деп бағалап отыр, деп хабарлайды Associated Press.

Аурухананың бас дәрігері Зеев Ротштейннің сөзіне қарағанда, қан айналым жүйесі тұрақтандырылғанмен өзге өмірлік маңызы бар органдары өткен аптада тіпті нашарлай бастады. З.Ротштейн А.Шаронның өмірі қыл үстінде тұр деді.

Еске сала кетейік, 8 жылдан бері комада жатқан 85 жастағы саясаткердің халі 2 қаңтар күні мүлдем нашарлап кетті. А.Шарон 2006 жылы инсульт алып, саяси қызметін тоқтатқан болатын. Израиль үкіметінің бұрынғы басшысы әлі комада жатыр. Оның отбасы мүшелерінің мәлімдеуінше, А.Шарон ара-тұра көзін ашып, саусағын қозғалтып тұрған.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!