Киевте наразылық шеруі қайта басталды

Фотография - Киевте наразылық шеруі қайта басталды

Киевтің Тәуелсіздік алаңына 5 желтоқсанда оппозицияның жаңа жылдық мерекеден соң  өткізген алғашқы қарсылық шеруіне 10 мыңға тарта адам жиналды.

248 0

Киевтің Тәуелсіздік алаңына 5 желтоқсанда оппозицияның жаңа жылдық мерекеден соң  өткізген алғашқы қарсылық шеруіне 10 мыңға тарта адам жиналды.

Қарашаның соңында Украина үкіметінің Еуропа Одағымен интеграциядан бас тартуы елде жаппай наразылық тудырған еді. Содан бері Киев пен бірнеше қалада биліктен Еуропа одағымен жақын байланыс орнатуды және үкіметтің отставкаға кетуін талап еткен қарсылық акциялары өтіп келген.

5 қаңтардағы шеруде оппозиция жетекшілері жақтастарын православиелік Рождество мерекесі аяқталған соң наразылық акцияларын жалғастыруға шақырды.

Наразылық танытушылар Украина билігі Еуропа Одағымен интеграциядан Ресейдің қысымымен бас тартты еп санайды. Желтоқсанның ортасында Ресей Украинаға 15 миллиард АҚШ доллары қаржылай көмек ұсынып, бұл елге импорттайтын газының бағасын арзандатуға келіскен.


Тегтер:

Украина

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!