Ұйғырларды қудалау жалғасуда

Фотография - Ұйғырларды қудалау жалғасуда

Қытайдағы Синцзянь Ұйғыр автономиялық ауданында (Шығыс Түркістан) ұйғыр ұлтының мұсылман жігіттері мен жергілікті тәртіп сақшылары арасында қақтығыс туындап, соның салдарынан ондаған жан опат болды

265 0

Қытайдағы Синцзянь Ұйғыр автономиялық ауданында (Шығыс Түркістан) ұйғыр ұлтының мұсылман жігіттері мен жергілікті тәртіп сақшылары арасында қақтығыс туындап, соның салдарынан ондаған жан опат болды.

Мемлекетік органдардың мәлімдеуінше, желтоқсанның 30-ы күні тәртіп сақшылары полиция бөлімшесне басып кірмекші болған 8 адамды атып өлтірген болатын. Тура осындай жағдай 17-желтоқсан күні Қашқар қаласында да орын алған болатын. Қарулы қақтығыс кезінде 16 адам көз жұмған, оның екеуі – тәртіп сақшылары.

Қытай билігі бұл қақтығыстардың жиілеу себебін Шығыс Түркістандағы лаңкестік топтардың әрекеті деп танығанымен, көптеген сарапшылардың пікірінше, Пекин әдеттегідей асыра сілтеп отыр. Осылайша олар өз әпербақан әрекеттерін ақтауға тырысуда дейді сарапшылар. Ал, Қытай үкіметі тарапынан жасалған жөнсіздіктерге қарсы шыққандардың қозғалысы «исламдық жиһад» деп танылып, басып жаныштау жұмыстары пәрменді жүргізілуде.

Түрік профессоры Еркин Екремнің жақын арада Пекин Шығыс Түркістан аймағына 6 млн қытайды қоныстандырып, демографиялық ахуалды өзгертуге күш салатынын жеткізді.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!