Оңтүстік Судан армиясының генералы өлтірілді

Фотография - Оңтүстік Судан армиясының генералы өлтірілді

Оңтүстік Судан үкіметтік әскерінің армия генералы Бор қаласындағы операция кезіндегі торуылда өлтірілді

248 0

Оңтүстік Судан үкіметтік әскерінің армия генералы Бор қаласындағы операция кезіндегі торуылда өлтірілді.

Шетелдік БАҚ-тың хабарлауынша, Эфиопияда Оңтүстік Суданның қақтығысқан тараптары арасында келіссөздер жүруде. Келіссөздер мақсаты - қанды қырғынды тоқтату.

Айта кетейік, Оңтүстік Судан Президенті Салва Киир мемлекеттік төңкерістің алдын алуды жариялағаннан кейін бұл қақтығыстар 15 желтоқсанда ушыға түсті. Бұл тұрғыда Президент төңкерісті елдің вице-президенті Риек Мачар даярлады деп айыптап отыр.

Қақтығыс басталғаннан бері кем дегенде мың адам опат болып, екі жүз мыңға жуығы босқындықтың тауқыметін кешуде.

Судандық әскерилердің мәліметінше, армия бас генералының өлімі Бор қаласына қарай үкіметтік әскердің алға жылжуы кезінде орын алды.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!