Қытайда мешітте кептелістен 14 адам қаза болды

Фотография - Қытайда мешітте кептелістен 14 адам қаза болды

Қытайдың солтүстік-батысындағы Нинся-Хуэй автономиялық ауданында 5 қаңтарда мешітте болған кептелісте 14 адам аяққа тапталып мерт болып, 10 адам жараланды

169 0

Қытайдың солтүстік-батысындағы Нинся-Хуэй автономиялық ауданында 5 қаңтарда мешітте болған кептелісте 14 адам аяққа тапталып мерт болып, 10 адам жараланды.

Мемлекеттік ақпарат агенттіктерінің хабарлауынша, төтенше оқиға Гуюань қаласындағы мешітте түстен кейін марқұм болып кеткен діни қайраткерге арнап ас беріліп жатқан кезде болған. Кептелістің неден туындаған әзірге белгісіз. Зардап шеккен 10 адамның төртеуі ауыр халде ауруханада жатыр.

Нинся-Хуэй автономиялық ауданын қытай тілінде сөйлейтін саны аз хуэй ұлты мекендейді. Хуэйлер Қытайда исламның ханафиттік тармағын ұстанады.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!