Қырғызстан мүфтиін отставкаға кетуге шақырды

Фотография - Қырғызстан мүфтиін отставкаға кетуге шақырды

Бішкекте бүгін Қырғызстан мұсылмандар діни басқармасының алдында ондаған адам наразылық танытып, бас мүфти Рахматулла қажы Егембердиевтің тез арада отставкаға кетуін талап етті. Наразылық білдірушілер оны "зина жасады" деп айыптайды

192 0

Бішкекте бүгін Қырғызстан мұсылмандар діни басқармасының алдында ондаған адам наразылық танытып, бас мүфти Рахматулла қажы Егембердиевтің тез арада отставкаға кетуін талап етті. Наразылық білдірушілер оны "зина жасады" деп айыптайды.

Өткен жылғы желтоқсан айының соңында "Рахметулла қажы Эгембердиевтің жас келіншекпен жыныстық қатынасқа түскені" туралы видео тарап кеткен еді. Эгембердиев видеоға қатысты берген жауабында ондағы әйелді "екінші әйелі" деп түсіндірген. Бірақ Қырғызстан заңдары көп әйел алуға рұқсат етпейді.

Қарсылық акциясында полиция мүфтияттың кеңсесін күзетіп, наразылардың оған жақын баруына мүмкіндік бермеді.

Эгембердиев 2012 жылдың соңында мүфти болып сайланған еді. Соңғы төрт жылда Қырғызстанда әртүрлі дау-жанжалға байланысты бес мүфти ауысты.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!