Бүгін - Рождество мерекесі

Фотография - Бүгін - Рождество мерекесі

Бүгін - әлем православтарының ең басты мейрамы - Рождество мерекесі. Иисус-Иса пайғамбардың туған күні бүгінде әлемнің көптеген елдерінде мемлекеттік мереке ретінде аталып өтеді

225 0

Бүгін - әлем православтарының ең басты мейрамы - Рождество мерекесі. Иисус-Иса пайғамбардың туған күні бүгінде әлемнің көптеген елдерінде мемлекеттік мереке ретінде аталып өтеді.

Еуропаның көптеген елдерінде және АҚШ-та бұл күн отбасы мерекесі ретінде үлкен қуанышпен кең ауқымда өтеді. 2005 жылдан бері ҚР Еңбек кодексіне сәйкес, православ рождествосы елімізде Құрбан Айт мерекесі сияқты  демалыс күні болып жарияланды.

Еліміздің барлық храмдары мен шіркеулерінде Рождество құлшылық және ғибадат рәсімдерімен қаңтардың 6-сынан 7-сі күніне қараған түнде басталды. Мереке кезінде дос-жаран, тума-туыс бір-бірін ізгі ниетпен құттықтап, барша жан мейірімділік танытып, жоқ-жітік адамдарға қайыр-садақа таратып, қамкөңіл жандарды қуантып, жетімдерге тарту-таралғылар жасаған жөн деп санайды. Сонда ғана құдайдың шапағатына бөленеді деген наным бар.

Ғасырлар бойы қазақтың дархан даласында түрлі мәдениет, дін мен салт-дәстүрді ұстанатын сан-алуан халықтардың тағдыры ұштасып жатты. Соның нәтижесінде қазір қазақ халқымен бірге бір шаңырақ астында 140 этнос пен 40 конфессия өкілдері бейбіт ғұмыр кешуде. Ұзақ уақыт көршілес өмір сүрген халықтарда бір-біріне деген тұрақты шыдамдылық пен бір-біріне құрмет дәстүрі қалыптасқан.

Рождество - ізгі үміттер мен жақсылықтардың мерекесі. Ол адамдарды игі істер жасауға, құдайдың өсиетімен бейбітшілік пен келісімде өмір сүруге ұмтылуда бастарын біріктіреді.

Осы мәңгілік құндылықтар, әсіресе, түрлі сенімдегі және этностағы адамдар достық ауанында өмір сүретін Қазақстанда ерекше құрметтеледі.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!