Пәкістанда жарылыстардан 11 адам мерт болды

Фотография - Пәкістанда жарылыстардан 11 адам мерт болды

Пәкістанда бүгін екі жарылыс болып, 11 адам қаза тапты.

116 0

Пәкістанда бүгін екі жарылыс болып, 11 адам қаза тапты. Пәкістан үкіметінің хабарлауынша, Ауғанстанмен шекараға жақын маңдағы Хайбер ауданында жергілікті тайпалардың бірінің жетекшісінің үйінде жарылыс болып, 10 адам қаза тапты. Құрбан болғандар арасында үш бала бар.

Бұған қоса елдің солтүстік-батысындағы Хайбер-Пахтунхва провинциясында бүгін мектептің жанында бір жанкешті өзін-өзі жарып жіберді. Жарылыстан бір жасөспірім мерт болды. Теракт негізінен шииттер тұратын Хангу аймағында болды.

Жарылысты "Лашкар-э-Джангви" деп аталатын сүнниттік радикалдық топ мойнына алды.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!