Испанияның жұмыссыздары мейрамхана ашты

Фотография - Испанияның жұмыссыздары мейрамхана ашты

Испанияның солтүстігіндегі Наварра провинциясында жергілікті 18 жұмыссыз адам ас мәзірі мол мейрамхана ашты

211 0

Испанияның солтүстігіндегі Наварра провинциясында жергілікті 18 жұмыссыз адам ас мәзірі мол мейрамхана ашты.

Осылайша, олар өздерінің жұмыссыздық мәселесін шешіп отыр, деп хабарлады РБК.

Common good мейрамханасында 400 адамға арналған екі зал бар, мұнда ет тағамдарына, сонымен бірге десертке тапсырыс беруге болады. Мұндағы бір қулық, ішімдікке тапсырыс берген жағдайда бір кісілік тағам 1 евроны құрайды.

Қызмет көрсетуден қаржы үнемдеу үшін мекеме иелері даяшысыз жұмыс істейді. Өздігінен қызмет көрсету терминалының арқасында келушілер тапсырыс береді де, дайын болған кезде тамақтарын өздері алып кетеді.

Мейрамхана қызметкерінің әрқайсысының еңбекақысы айына 800 евроны құрайды. Жобаны жүзеге асыру үшін шамамен 250 мың евро жұмсалған. Ол ақшаға негізінен қажетті құралдар сатып алынған.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!