АҚШ Грузияға 62 млн доллар бөледі

Фотография - АҚШ Грузияға 62 млн доллар бөледі

12 0

2014 жылы АҚШ Еуроодақтың «Шығыс әріптестігі» бағдарламасына енгізілген ел ретінде Грузияға 62 млн доллардан астам қаржы бөледі. Бұл туралы Грузияның сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасай отырып Росбалт хабарлады.

Грузияның сыртқы істер министрлігі бөлінген қаржының маңыздылығын атап өтті, себебі қазіргі таңда АҚШ-тың шығыны қысқаруда. «Бұл АҚШ-тың Грузияны маңызды әрі стратегиялық әріптес ретінде тануының дәлелі», - деп мәлімдеді грузиялық СІМ өкілдері.

Ведомство ақпараты бойынша, конгресс АҚШ-тың мемлекеттік хатшысына Грузияның аумақтық тұтастығын сақтау бойынша шаралар жоспарын әзірлеуді тапсырды.

Еске сала кетсек, Грузия мен АҚШ арасындағы стратегиялық әріптестік туралы хартияға 2009 жылы қол қойылған болатын.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!