Берлускони саясатқа қайта оралмақ

Фотография - Берлускони саясатқа қайта оралмақ

17 0

Көптеген жанжалдардың ортасында жүрген Италия премьер-министрі Сильвио Берлускони қарсыласымен жасасқан келісімнің арқасында саяси аренаға қайта оралады, деп хабарлайды Би-би-си.

«2013 жылы Берлускониге салық қылмысына қатысты үкім шығарылып, ол парламенттегі орнынан айырылған еді. Алайда бұрынғы премьер-министр әлі күнге дейін «Алға, Италия» оппозициялық партиясына басшылық етеді. Және партия басшысы ретінде премьер өз қарсыласы, Демократиялық партияның көшбасшысы Маттео Ренцимен келіссөздер жүргізді. Нәтижесінде ол Ренцидің көп жағдайда тұрақсыз одақтардың құрылуына әкелген сайлау жүйесін нығайтуға бағытталған конституциялық ұсыныстарын қолдауға уәде етіп, үлкен саясатқа қайта аяқ басуға мүмкіндік алды», - делінген хабарламада.

Осылайша, өткен жылы жалпыға ортақ сайлау барысында елді басқару үшін ешқандай партия барынша көп дауыс жинай алмады. Сол себепті Энрико Летта басшылығымен коалиция құруға тура келді.

77 жастағы Берлускони о бастан-ақ жаңа үкіметтің құрылуына қатысқан болатын, алайда кейіннен ол одан шығып кетті.

Дегенмен де бұған қарамастан Берлускони «Алға, Италия» оппозициялық фракциясын басқаруды жалғастыра берді.

Ренцидің бұрынғы премьер-министрмен жүргізген келіссөздері басқарушы коалиция мен Демократиялық партияда жік туғызды.

Алайда Берлускони келіссөздер нәтижесіне көңілі толатынын айтып, жасалған келісім «жетекші партияларды біріктіріп, саяси жүйені оңтайландыруға» мүмкіндік беретінін мәлімдеді.

 

 

 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!