Қытайлықтар бір жылда 7 миллион адамға көбейген

Фотография - Қытайлықтар бір жылда 7 миллион адамға көбейген

10 0

Былтыр Қытай халқының саны 7 миллион адамға артns. Елде бір жылда 16,4 миллион адам туылып, 9,7 миллион адам қайтыс болған.

2013 жылдың қорытындысы бойынша, материктік Қытай тұрғындарының саны 1 360 720 000 адамды құрапты. Бұл санақ барысында Гонконг, Макао, Тайвань және шет елде жүрген қытайлықтар есепке алынбаған. Осылайша 2012 жылмен салыстырғанда елдегі халық саны 6 680 000 адамға жетіп отыр. Бұл жайында ҚХР-ның мемлекеттік статистика басқармасы мәлімдеді.

Бір жылда елде 16 400 000 бала дүниеге келсе, 9 720 000 адам өмірден өткен. Санақ қорытындысына жүгінсек, ерлердің саны әйелдерден басым түсіп отыр (ерлер - 697,28 миллион, әйелдер - 663,44 миллион).


Тегтер:

Тайланд @kz

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!