Сербия ЕО-ға қосылу туралы келіссөздерді бастады

Фотография - Сербия ЕО-ға қосылу туралы келіссөздерді бастады

14 0

Брюссельде Сербияның Еуроодаққа қосылуы бойынша келіссөздер басталады.

ЕО тарапынан Грекия сыртқы істер министрі Евангелос Веницелос және ЕО-ны кеңейту бойынша комиссар Штефан Фуле қатысады. Сербия тарапынан елдің премьер-министрі Ивица Дачич пен оның бірінші орынбасары Александар Вучич келеді.

ЕО өкілдерінің сөзіне қарағанда, келіссөздердің бірінші кезеңі негізінен символдық мәнге ие.

Сербиялық ақпарат агенттіктерінің хабарлауынша, Сербияның ЕО құрамына қосылуы бойынша келіссөздерге жол тек өткен жылдың соңында ашылған болатын. Айта кетейік, сол кезде еуропалық елдер Сербия мен Косово арасындағы қатынастарды тұрақтандыру тұрғысында Белградқа қатысты өзінің талаптарын жеңілдетуге келіскен еді.

2013 жылы Еуроодаққа бұрынғы югославиялық Хорватия Республикасы қосылған болатын. Оның ЕО-мен келіссөздері сегіз жылға жалғасты.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!