Пәкістандағы операцияда 25 содырдың көзі жойылды

Фотография - Пәкістандағы операцияда 25 содырдың көзі жойылды

17 0

Пәкістан билігі елдің солтүстік-батысындағы Талибан күштері бекінген аймақтарға жойғыш ұшақтар мен тікұшақтардан соққы берді.

Қорғаныс министрлігі өкілінің бүгін Азаттықтың Пәкістан қызметіне хабарлауынша, өткен түні Солтүстік Вазиристан провинциясы мен Хайбер тайпалық аймағында болған шабуылдардан 25 содырдың көзі жойылған.

Ресми орындардың дерегі бойынша, қаза тапқандардың арасында былтыр Пешаварда болған екі жарылыс пен осы аптада Банну қаласында әскерилерге жасалған шабуылдарға қатыстылар да бар.

Әскери операция осы аптада бір тәулік ішінде Талибан шабуылынан 33 сарбаз қаза тапқан оқиғалардан кейін жасалып отыр.

20 қаңтарда Равалпинди қаласындағы әскери штаб орналасқан ауданда болған жарылыстан қауіпсіздік қызметінің 14 адамы қаза тапқан еді.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!