Түркияда ірі жол апаты орын алды

Фотография - Түркияда ірі жол апаты орын алды

19 0

Түркияда орын алған ірі жол апатының салдарынан кемі 21 адам көз жұмды деп хабарлайды Agence France-Presse жергілікті билік өкілдеріне сілтеме жасай отырып. Тағы 20 адам дене жарақаттарын алған. Екеуі аса ауыр халде. Anadolu Agency агенттігінің хабарлауынша, автобус апатқа ұшырап, жараланғандар саны арту үстінде.

Қайтыс болғандар мен жараланғандардың кімдер екендігі әлі жарияланған жоқ. Араларында шетел азаматтары болуы әбден мүмкін.

Жол апаты Кайсери провинциясында қаңтардың 23-не қараған түні орын алған. Алдын ала жасалған болжам бойынша, автобус жүргізушісі көктайғақта тізгінге ие бола алмай жол жиегіне шығып аударылып кеткен.

Қоғамдық көлік Анкарадан елдің шығысындағы Муш провинциясын бетке алған көрінеді. Салонда 50 жолаушы болған.

Айта кетейік, жыл сайын Түркияда жол апаттарынан кемі 5 мың адам қайтыс болады екен. Оқыс оқиғалардың көпшілігі жүргізушілердің кінәсінен.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!